top of page

Әлеммен
         Диалог ішінде

Faenomen – бұл біздің кең байтақ әлемімізді жақсы көретін адамдар. Ал біз онымен үнемі диалогта боламыз. Біз әлеуметтік және экологиялық мәселелерді анықтауда тұтынушыларымызбен бірге жұмыс істейміз, әлемді жақсы жаққа өзгертетін тиімді шешімдерді әзірлеу мақсатында дизайндық ойлау мен инновациялық стратегияларды қолданамыз.

Өз Импакт-іңді
таңда

ESG

ESG жобаларының мәнін анықтайтын үш құндылық –

Environmental – экологиялық жауапкершілік, Social –  әлеуметтік жауапкершілік,  Governance – басқару стандарттары.

 

ESG жобалары компаниялар үшін де, қоғам үшін де пайдалы. Компаниялар үшін ESG жобалары шығындарды азайтуға, тұтынушыларды тартуға және сақтауға және беделді арттыруға көмектеседі. ESG жобалары қоғам үшін қоршаған ортаны қорғауға, әлеуметтік әл-ауқатты жақсартуға және басқаруды жақсартуға ықпал етуі мүмкін.

КӘЖ

КӘЖ – Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік. КӘЖ жобалары әдетте қайырымдылық пен қауымдастықты тартуға бағытталған. 

 

Олар компанияның негізгі қызметімен тікелей байланысты емес, алайда қоғам алдындағы жауапкершілік немесе міндеттілік сезімімен басқарылады.

 

Біз компанияның құндылықтары мен тәжірибесіне сай келетін әлеуметтік мәселелерді анықтаймыз және оларды шешу бойынша бастамалар әзірлейміз.

​Ортақ
Құндылықтар
Жобалары

Ортақ құндылықтар жобаларын КӘЖ эволюциясы ретінде қарастыруға болады. Өйткені олар әлеуметтік және экологиялық мәселелерге анағұрлым стратегиялық және кешенді түрде қарайды. Мұндай жобалар ортақ құндылықтар жасау үшін қоғамдық қажеттіліктер мен бизнес стратегияларды біріктіруге бағытталған.

Біз екі тарап үшін де ұтымды нәтиже жасай отырып, іскерлік мүдделер мен әлеуметтік ықпалдар сәйкес келетін мүмкіндіктерді анықтаймыз.  

Маңызды

Маркетингтік

Науқандар

Маңызды маркетингтік науқандар бизнеске өнімдерді немесе қызметтерді әлеуметтік және қайырымдылық мақсаттармен байланыстыруға көмектеседі. 

Мұндай жобалар халықты хабардар ету және оны шешуге қаражат бөлу арқылы маңызды әлеуметтік немесе экологиялық мәселеге назар аударады. Біз адамдармен эмоционалды деңгейде байланыс құрамыз, қоғам мен бизнес арасында сенімді қарым-қатынас орната отырып, кең аудиторияға қол жеткіземіз.

Мемлекеттік-

жекеменшік
әріптестік

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – бұл мемлекеттік мекеме мен жеке компанияның ынтымақтастығы. Ол қоғамдық көлік желілері, саябақтар, конференц-орталықтар және басқа инновациялық жұмыстар сияқты жобаларды қаржыландыру, салу және пайдалану үшін бағытталуы мүмкін.

Біз мұндай жобалар үшін идея мен стратегиядан бастап, қоғамның барынша қамтылған қатысуына дейінгі тұжырымдамалық шешімдерді жасаймыз.

Өнер

арқылы

әсер ету

Өнер арқылы әсер ету –  бұл әлеуметтік мәселелерді шешу үшін өнерді пайдаланатын бастамалар. Бұл жобалар әртүрлі формада болуы мүмкін, бірақ олардың барлығының ортақ мақсаты бар – өнердің күші арқылы әлемде оң өзгерістер жасау. Бұл арт-инсталляция немесе арнайы көрме, цифрлық өнер, орындаушылық өнер, би және музыка болуы мүмкін. Формасы қандай болса да,– Өнер арқылы әсер ету қоғамдастық құруға, адамдарды әрекетке көшуге насихауға және шабыттандыруға көмектеседі.

bottom of page